A+ A A-

talgatzhan 19 Бүгін, 12:10 0

Алтай ауданында жасөспірімдер нан сататын дүңгіршек тонаған

Бүгін / Алтай

Оқиғаға байланысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімдікте өткен жиында 20 қаңтардан 21 қаңтарға қараған түні Алтай қаласында екі сауда нысанына ұрлық жасалғаны айтылды. Белгісіз біреулер «Мамин хлеб» дүңгіршегі мен грильде қақталған тауық сататын павильонға баса көктеп кірген.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы анықтаған. Мәлім болғандай, мұндай қадамға жасөспірімдер барыпты. Оның бірі Алтай қаласының тұрғыны болса, екіншісі Өскеменнен келді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімдер ақша ұрлап, кейін таксимен Өскеменге жол тартқан.

Фото: caravan.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив