A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:15 0

ШҚО-да 140 мыңнна астам адам ЖРВИ жұқтырды

Бүгін / Басты / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2025-2026 жылғы эпидемиялық маусымда облыста жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) 141 493 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі  86 665 бала, 2 711 жүкті әйел, 1 724 1 жасқа дейінгі нәресте бар. 

- Тұмаудың зертханалық расталған 182 жағдайы анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 39 жағдай тіркелді. 2024–2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ көрсеткіші 4,6%-ға, ал тұмау 8 есеге артқан, - деді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина. 

Бұдан бөлек, облыста коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелсе, пневмонияға шалдыққандар анықталған жоқ. Өзге респираторлық вирустарды анықтау мақсатында 1 202 сынама зерттеліп, 137 вирус белгілі болды (респираторлық-синцитиалды вирус — 62%, аденовирус — 28,4%, коронавирус — 7,3%, боковирус — 2,7%). 

Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №6 қаулысына сәйкес, ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиялық маусым 2025 жылғы 1 қазаннан 2026 жылғы 1 мамырға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив