Қала әкімдігі мәліметінше, 26 қаңтар сағат 03:20-да Сол жағалауда электрмен жабдықтау жүйесінде апат тіркеліп, жылу мен жарық өшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жібек маталар комбинатының №2 қазандығы, Ахмер кентінің №5 қазандығы, Меновное кентінің №6 және №7 қазандықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды
– «Этносаябақ» ППНС, «Сәтбаев» ПНС, Металлург кентіндегі №1, №2, №3 орталық жылу пунктерінің (ЦТП) сорғы станцияларындағы жабдықтар уақытша ажыратылды. Қаладағы 36 тұрғын үй, 40 тұрғын емес ғимарат, 85 жер үй жылу және жарықсыз қалды, – делінген әкімдік ақпаратында.
Қазір электрмен жабдықтау толық қалпына келтіріліп, барлық қазандық іске қосылып, қалыпты режимде жұмыс істеуде.
– Қаланың Сол жағалау бөлігіндегі жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында, – деп жазылған ресми мәліметте.
Бұдан бөлек, «Шығыс Жылу» АҚ ақпаратынша, қаланың Оң жағалау бөлігіндегі жылу желілерінде қысымның күрт жоғарылауы байқалды.
– Соның салдарынан Новаторов, 2, Н. Назарбаев даңғылы, 6 мекенжайындағы тұрғын үйлер маңындағы жылу желілерінде ақау пайда болды. Қазір бригадалар оларды оқшаулау және жою жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ магистральдық және орамішілік жылу желілерінде ықтимал ақауларды анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде, – делінген мәліметте.
Пікірлер