A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 15:20 0

«Дәрігерлер қолайсыз жерде отырған еді»: Уварово ауылындағы ФАП-қа ауыл жұртының көңілі тола ма?

Бүгін / Глубокое

Аталған медициналық пункт 2025 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мекеме шұғыл және жоспарлы көмек көрсетуге қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, мұнда дефибриллятор, ЭКГ және КТГ аппараттары, ингалятор, УДЗ аппараты, спирограф, құлақ пен мұрынға арналған УВЧ құрылғысы, сондай-ақ төтенше жағдайларға арналған медициналық жинақ бар.
Амбулаторияда 7 кабинет жұмыс істейді. Олар – балалар мен ересектерді қабылдау, физиотерапия, акушерлік, емшара, егу кабинеттері және дәріхана.
Фельдшерлік-акушерлік пункт 1135 тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 908-і – ересектер, 196-сы – 14 жасқа дейінгі балалар. Мекеме қызметіне ауыл тұрғындары оң баға беруде.
– Осы медициналық пункт ашылғанына қуаныштымыз. Қазір бұл жерде бәрі жақсы. Бұған дейін дәрігерлер қолайсыз жерде отырып, науқастарды қабылдады. Енді жаңа мекеме, жаңа жабдықтармен жұмыс істеп отыр. Осы үшін аудан әкіміне алғыс айтамыз, — деді ауыл тұрғыны Ольга Попова.
Медицина қызметкерлері айтуынша, жаңа ғимарат пен жабдықтар жұмыс сапасын едәуір арттырған.
– Бұрын науқастарды дұрыс қабылдай алмайтынбыз. Ескі медициналық пункт өртеніп кеткеннен кейін тозған ғимаратта отырдық. Жабдықтарымыз да толық болмады. Қазіргі жағдай бізге науқастарды толық әрі сапалы қабылдауға мүмкіндік беріп отыр, – дейді ФАП меңгерушісі, фельдшер Галина Мелентьева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив