452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Зайсанда салынып жатқан әуежай жазда іске қосылады

Зайсанда салынып жатқан әуежай жазда іске қосылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Президент тапсырмасы бойынша салынып жатқан үш әуежайдың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы туристік әуежайлардың құрылысы, Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жұмысы аяқталады. Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды, - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларын түгел 2026 жылы қолданысқа беретінін айтқан болатын. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив