Бірқатар ақпараттық сайтта 30 қаңтарда Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында айналмалы қозғалыс енгізіледі деп жазылған. Бірақ әкімдік өкілдері айналма жолдың басқа күні ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс орталығында екі деңгейлі жол айырығының құрылысы жалғасуда. Бірінші кезең Сәтбаев даңғылын Базовая көшесімен, Жібек жолы көшесін Есенберлин даңғылымен байланыстыратын айналма жолдың құрылысын қамтиды. Екінші кезең Сәтбаев және Есенберлин даңғылдарын байланыстыратын құрылысты қамтиды.
Ал айналма жол жол айрығын салу жұмыстарының басталуына байланысты туындап отыр. Оның ішінде 15 тірек орнатылып, арқалықтар монтаждалып, одан әрі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Қиылыстан тікелей өтуге уақытша тыйым салынады, қозғалыс пен құрылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік ағыны қайта бөлінеді.
Айналма жолдың нақты қай уақытта іске қосылатыны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Пікірлер