A+ A A-

talgatzhan 42 Кеше, 17:05 0

Шемонаиха ауданында шатыр жөндеткен тұрғындар өзара соттасты

Бүгін / Шемонаиха

Жуықта ауданда көпқабатты үй шатырын жөндеуге кеткен шығынды қайтарып алу жөніндегі азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр жазда тұрғындар шатырды жөндейтін мердігер тауып, барлық жұмысқа 1 136 000 теңгеге төленеді деп келісімшарт жасасқан болатын. Әр пәтер шығынды теңдей бөлді. Яғни, 52 700 мың теңгеден. Шығынды өтеуге барлығы келіскенімен, тек біреуінің кегежесі кейін тартқан. Кейін сот алдында сол әйел жауап берді. Ол өзінің көпшілікке қосылмау себебін тұрғындармен бірлескен ортақ жиын өтпегендігімен байланыстырды. 
–  Көпқабатты үй тұрғындарына ортақ мүлікті күтіп-ұстау, шатырын жөндеу бәріне бірдей жүктеледі. Шұғыл әрекет етуді қажет ететін маңызды жағдай болса, міндетті бірге атқарулары тиіс, – делінген сот материалында.
Соңында жауапкерден бәрібір де 52 700 теңге өндіріп алынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив