A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:55 0

2 - 8 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты 
Қаражатқа байланысты ұтымды шешімдер қабылдауға қолайлы кез. Тоқтылар табиғатынан тек биіктен көрінуді мақсат етеді. Сол үшін жаттығу залына барып, шыныққаныңыз жөн. 

Торпақ 
Жұмыста көзге түсу үшін еңбекқор және табанды болыңыз. Жеке өміріңізде келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бұл ретте «басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дегенді қаперден шығармаңыз, жағдай аз уақытта оңалады.

Егіздер 
Ақпан айының 6-ы күні шаңырағыңызға қуаныш ұялайды. Өзіңіз үшін айтулы кездесулерді осы күнге белгілеңіз. Апта соңында қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін, уақытты құр босқа жоғалтпасаңыз барлығын уақтылы шешуге болады.

Шаян 
Қай жұмысты қолға алсаңыз да емін-еркін алып кетесіз. Кейбір Шаяндар қазір алдағы маңызды тапсырмаларға дайындықты бастап кеткен. Жұмыста басшылық лауазымыңызды өсіруі де мүмкін.

Арыстан 
Қар көп жаумаса, қыс мезгілі көпшілігі үшін қолайлы уақыт. Жақын адамыңыз тосын жаңалығымен таңғалдырмақ. Алыста жүрген бала-шағаңыз ақпан айының соңында тосынсый жасап, барып қайтуды көздеп жүр.

Бикеш 
Қазіргі уақытта ешқандай ауқымды жобаларды бастап, болашаққа жоспар құрудың қажеті жоқ. Оңаша қалып тыныққаныңыз ләзім. Үйіңізге күшік аламын десеңіз осы аптада жүзеге асырыңыз.

Таразы
Апта ортасында алас ұрған көңіліңіз байыз тауып, бас қатырған мәселелер өздігінен шешіледі. Дәл қазір ойыңыз бір жерде тоғысатын адамдармен күш біріктіргеніңіз жөн, өкінбейсіз. Жалғыз өзіңізге шыңға шығу қиын болады.

Сарышаян 
Қиын тапсырмаларды осы бастан қолға алғаныңыз дұрыс, әйтпесе бәріне үлгеремін деп күш-қуатыңыздың азаюы ғажап емес. Шығармашылық адамдары үшін шабытқа толы кезең, тиімді пайдаланыңыз.

Мерген 
Жүйкеңізге салмақ түсіретін мәліметтерге мән бермеуге тырысып, басқалардың жұмысыңызға араласуына жол бермеңіз. Жиналып қалған ұсақ-түйек шаруаларды аяқтау үшін қолайлы кезең.

Тауешкі 
Ақпан айының 3-7 аралығы өз-өзіңізді дамытуға қолайлы. Қазір тіпті бір істі бастап кетуге еш кедергі жоқ. Қаржылық қиындықтардан қорықпаңыз, мұндай кезде сәттілік сізге серік болады. Жаңа таныстықтар орнатуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш 
Апта ортасында табысыңызды молайтуға жақсы мүмкіндіктер туындайды. Қолдау қажет кезде достарыңызға емес, отбасы көмегіне жүгінген дұрыс. Кейбір ойлаған жоспарларыңыз іске аспай жатса қатты қапаланбаңыз.

Балықтар 
Жаңадан танысқан адамға ашылып, сыр айтудан аулақ болыңыз. Қазір барынша қырағы болған жөн. Өзіңіз жақсы танып, жақын араласатын адамдардың барлығына бірдей сенудің қажеті жоқ.  

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив