A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 16:00 0

60 жастан асқан қарттар үшін пойыз билетіне 25% жеңілдік жасалады

Бүгін / Республика

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты. Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу қажет. Белгілі болғандай, карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

- Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Карта 3000 теңге тұрады, жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Картаны теміржол вокзалдарындағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан ғана алуға болады, – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Картаны рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және пошта мекенжайы талап етіледі. Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды.

Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Бірақ мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады. Атап айтқанда, 2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы; 25–30 желтоқсан аралығы; маусым–тамыз айлары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив