Жақында әлеуметтік желілерде қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты балалардың көбісі пневмониямен ауырып жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Облыс орталығында ЖРВИ мен пневмонияның таралуы қалыпты көрсеткіштен аспаған.
30 қаңтарда Ана мен бала орталығына пневмониямен 7 бала, 31 қаңтарда 4 бала және 1 ақпанда 2 бала түсті.
- Бұл көрсеткіштер жоғары емес, сондықтан індеттің өршуін көрсетпейді. Аурухана қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Төсек орындары жеткілікті және бос орындар бар. Стационарлық емдеуді қажет ететін балалар ауруханаға жатқызылып, палаталарға орналастырылады. Балалар мен ата-аналардың дәліздерде жатқаны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды, - деді облыстың бас пульмонологы Назым Саменова.
Дәрігерлер пневмониямен ауыратын балалардың ауруханаға жатқызылу саны мен қолайсыз метеорологиялық жағдайлар арасындағы тікелей байланыстың анықталмағанын атап өтті.
Пікірлер