A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:00 0

Қарағандыдағы жанжалдан кейін Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

Бүгін / Республика / Спорт

Қоғамдық талқылау, қызметтік тексеру және спорт саласындағы басқару жүйесіне жүргізілген аудит аясында Қарағанды облысы әкімдігінде Сәпиев пен оның орынбасары атқарып отырған лауазымдарынан кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Қарағанды облысы әкімдігі Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметтепінее кеткенін ресми түрде растады.

— Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында басқарма басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған қызметтерінен босатылды, — делінген ресми хабарламада. 

Еске салсақ, Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі ер адам арасында алдымен келіспеушілік туындап, ол кейіннен төбелеспен аяқталған. 

Оқиғаға байланысты Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында кеңейтілген пікір жариялады. Ол аталған жағдайдың жеке немесе тұрмыстық сипатта еместігін атап өтті.

Аталған жанжал қоғамдық резонанс тудырып, құқық қорғау органдарының тергеп-тексеру нысанына айналды. Өңірдегі спортты басқару жүйесінде ықтимал заңбұзушылықтар жөніндегі мәлімдемелерге байланысты қызметтік тексеру мен кешенді аудит тағайындалды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}