Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігін заң аясында қорғайтынын, ал аңду және қайта-қайта мазалау әрекеттерінің қылмыс болып саналатынын ескертеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау және адамның еркінен тыс ізіне түсу сталкинг деп саналады. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына қауіп төндіреді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкингке қатысты заңда қатаң жауапкершілік қарастырылған. Бұл бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. Заң бұзушылықтар міндетті түрде жауапкершілікке әкеледі.
Пікірлер