Осы мақсатқа сай арнайы ереже бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2 ақпанда ШҚО Білім басқармасында Өскемендегі мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру туралы құжатқа қол қойылды.
Осылайша, оқушыларды онлайнға көшіру туралы шешім Казгидрометтен келесі күнге арналған ауа райы болжамы алынған соң білім бөлімінде қабылданады.
Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) ретінде желсіз ауа райы есептеледі.
1 дәрежелі ҚМЖ кезінде оқушылар қалыпты режимде оқиды.
2 дәрежелі ҚМЖ кезінде мектептерде шектеу шаралары енгізіледі. Егер мұндай жағдай үш күннен асса, төртінші күннен сабақтар қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
3 дәрежелі ҚМЖ кезінде оқушылар бірінші күннен бастап онлайн оқыту форматына көшіріледі. Сабақтар 30 минуттан, үзілістер 15–20 минут өтеді, ал бағалар электронды күнделікке тіркеледі.
Сондай-ақ құжатта ата-аналардың ыңғайлығы үшін шешім алдын ала жариялануы керек деп жазылған.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер