A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 14:40 0

Өскеменде айтыс өтеді

Бүгін / Өскемен / Руханият

14 ақпан сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Алтайым – алтын бесігім» республикалық командалық айтыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының өнерпаздары түре айтыс, сүре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, жыр, терме, күй, дәстүрлі ән бойынша өзара бақ сынасады. 

Іс-шараны Аманжол Әлтай жүргізеді.

Қарағанды облысынан Жанарыс Тілеубек, Дидар Қами, Балқан Смағұлов, Нұрмұхамед Байсүгіров, Ботпай Нұрәлі, Шыңғыс Сәрсенбай,  Еркеғали Бекболат, Дәуренбек Аркенов, Дәулен Дарын қатысады. Топ жетекшісі – Айтбай Жұмағұлов.

Ал Шығыс Қазақстан облысының намысын Талант Мәжитов, Алпыс Жақиянов, Ауданбек Жұмабай,   Қуаныш Еркінұлы, Жұлдызай Маратбекқызы, Естай Матабаев, Ардабек Ақбаба, Серік Қуанған, Бекболат Ерқұлан қорғайды. Команда жетекшісі – Серік Құсанбаев.

Жеңімпаз атанған топ жобаның келесі кезеңіне жолдама алады. Кіру тегін.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}