A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 14:55 0

Өскемендегі жаңа айналма жолда бағдаршамдар мен жол белгілері орнатылуда

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жол айырығын ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір айналма жолда жолақтар бойынша қозғалыс, «Айналма жол» (4.3) белгілері мен бағдаршамдар орнатылуда. Олар осы аптаның соңына дейін толық іске қосылады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында екі деңгейлі жол айырығының құрылысы жалғасуда. 

Бірінші кезең Сәтбаев даңғылын Базовая көшесімен, Жібек жолы көшесін Есенберлин даңғылымен байланыстыратын айналма жолдың құрылысын қамтиды. Екінші кезең Сәтбаев және Есенберлин даңғылдарын байланыстыратын құрылысты қамтиды.

Ал айналма жол жол айрығын салу жұмыстарының басталуына байланысты туындап отыр. Оның ішінде 15 тірек орнатылып, арқалықтар монтаждалып, одан әрі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}