Серік Сәпиев Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен кетіп, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, 2026 жылғы жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогын үйлестіруші болып қызмет атқаратын болды.
Бұл шешім "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңартылған редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігіндегі бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.
Пікірлер