452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Қазақстанда бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды

Қазақстанда бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстандағы бірыңғай құрылыс порталында құрылыстағы салалық жүйелердің сервистері, сондай-ақ құрылысқа қатысты ақпараттық ресурстар мен қызметтер біріктірілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде қазақстандықтарға республика бойынша 89 қалада құрылысқа арналған бастапқы-рұқсат құжаттарының пакетін беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Олардың қатарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар, сондай-ақ эскиздік жобаны келісу кіреді.

Салалық жүйелерді интеграциялау кезінде қолданылатын объектінің бірегей нөмірі арқылы қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың ашықтығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

"Egov.kz бірыңғай авторизациясын енгізу арқылы "бір терезе" қағидаты қамтамасыз етілді, бұл пайдаланушыларға қайта авторизациядан өтпей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков.

Комитет төрағасының сөзінше, құрылыс кодексі аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив