A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 16:05 0

Тарбағатай ауданында көлік жуу орталығы ашылды

Бүгін / ШҚО / Тарбағатай

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ақжар ауылында жеке кәсіпкер Құралай Масалимова көлік жуу орталығын ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кәсіпкер 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы 6 700 000 теңге алды. Бөлінген қаражат мақсатты түрде игеріліп, көлік жуу қызметіне қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар қосымша құрылыс және жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жаңа кәсіпкерлік нысан толық іске қосылып, Ақжар ауылының тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуде. Ауыл ішінде осындай қызмет түрінің ашылуы тұрғындар үшін уақыт үнемдеуге, қолайлы жағдай жасауға және жергілікті экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде.
- «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік деп санаймын. 2,5  пайызбен берілген жеңілдетілген несие өз ісімді бастауға және оны заманауи талаптарға сай дамытуға жол ашты. Мемлекет пен партия тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында кәсібімді кеңейтіп, ауылдастарымды сапалы қызметпен қамтамасыз етіп отырмын. Алдағы уақытта қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарда бар, – деді кәсіпкер Құралай Масалимова.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив