Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыс әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған тиісті басқарма, департамент басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар жер, тұрғын үй және медицинаға қатысты мәселелерді көтерді.
Мысалы, Глубокое ауданына қарасты Кожохово ауылының тұрғындары «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасына шағымданды. Аймақ басшысы аудан әкімі Эльдар Тұмашиновқа мердігер компанияға тұрғын үйлерде анықталған ақауларды кепілдік міндеттемелері шеңберінде ретке келтіру міндетін қойды.
Нұрымбет Сақтағанов қабылдауға келген әр азаматтың өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, құзырлы мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.
Пікірлер