Таяуда Ташкент қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы сапында Шемонаиха ауданынан шыққан спортшылар өнер көрсетті.
2008–2010 жылы туған спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Осылайша, Евгений Алёшин оң қолмен күресте Әлем чемпионы атанып, сол қолмен күресте күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Дмитрий Корнилов сол қолмен күресте Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Аудан спортшыларының жетістігі – өңір үшін маңызды нәтиже. Бұл Шығыс Қазақстандағы спорт мектептері мен жаттықтырушылар жұмысының жүйелі жүргізіліп жатқанын дәлелдейді.
Пікірлер