A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:35 0

Өскеменде бірқатар санаттағы тұрғындарға жәрдемақы беріледі

Бүгін / Өскемен / Пайдалы

Белгілі бір санаттағы кейбір өскемендіктің атаулы және мерекелік күндерге орай біржолғы төлем түрінде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Мысалы, бұл төлем Жеңіс күнінде ардагерлерге, ал Халықаралық әйелдер күнінде көпбалалы және ерекше марапатқа ие аналарға беріледі. Сайт тілшісі осы жылы кімдерге, қашан және қанша көлемде ақша төленетінін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Желтоқсан айында Өскемен қалалық мәслихаты тарапынан «Өскемен қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және белгілі бір санаттағы мұқтаж азаматтардың тізбесін анықтау ережелерін» бекітіліп, заңды күшіне енді.

Мерекелік күндерге арналған әлеуметтік көмек бұрынғыдай жылына бір рет ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Сомалар айлық есептік көрсеткішке байланысты емес, төлем мөлшері тұрақты. Дегенмен өткен жылы кейбір төлем сомалары көбейген болатын.

Өскемен қалалық мәслихаты мәліметінше, әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға ұсынылады:


15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні:

бұрынғы КСРО-ның үкіметтік органдары шешімімен басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан Кеңес Армиясы, Әскери-теңіз флоты, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСРО Ішкі істер министрлігінің басшылары мен құрамына (соның ішінде әскери мамандар мен кеңесшілерге) – 150 000 теңге мөлшерінде;

әскери іс-қимылдар кезеңінде оқуға шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери қызметшілерге – 150 000 теңге мөлшерінде;

әскери іс-қимылдар кезеңінде Ауғанстанға жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 150 000 теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСРО аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік міндеттерді орындауға ұшқан құрамның әскери қызметшілеріне – 150 000 теңге мөлшерiнде;

Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарынқамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 150 000 теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСРО-ны қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге  – 150 000 теңге мөлшерiнде;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150 000 теңге мөлшерiнде.

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар – 15 000 теңге мөлшерінде;

бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, оның ішінде 23 жасқа толғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар – 15 000 теңге мөлшерінде.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні:

1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейін тәжік-ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған ҚР әскери қызметшілеріне – 150 000 теңге мөлшерінде;

2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейін Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150 000 теңге мөлшерінде;

1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 150 000 теңге мөлшерінде;

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерден басқа да радиациялық апаттар мен авариялардыңзардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 150 000 теңге мөлшерінде;

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау және қоныстандыру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға, оның ішінде эвакуация күні құрсақ ішінде болған балаларға – 150 000 теңге мөлшерінде;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтар салдарынан мүгедек деп танылған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына – 70 000 теңге мөлшерінде.

 

9 мамыр – Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда ҰОС жылдарында майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде, бұрынғы КСРО-ны қорғау жөніндегі басқа да ұрыс қимылдары кезінде қызмет еткен әскери қызметшілерге, соғыс партизандары мен астыртын жауынгерлеріне – 5 000 000 теңге мөлшерінде;

ҰОС кезінде жараланып, контузия алып, мертігіп немесе ауруға шалдыққан мүгедектерге, атап айтқанда іс жүзіндегі әскер мен флот әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысы партизандары мен жерасты қызметкерлеріне, сондай-ақ ҰОС кезеңінде жараланып, контузия алып, мертігіп немесе ауруға шалдығуы салдарынан Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, әскери қимыл аймақтарында, майданға жақын теміржол учаскелерінде, қорғаныс шебін салуда, әскери-теңіз базалары мен әуежайларда қызмет еткен жұмысшылар мен қызметкерлерге – 5 000 000 теңге мөлшерінде;

ҰОС кезеңінде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін, бұрынғы КСР Одағы iшкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары басшы және құрамындағы адамдары белгіленген жеңілдік шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген әскери кызметшілеріне – 130 000 теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға – 130 000 теңге мөлшерінде;

ҰОС кезінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші ұлан болғандарға – 130 000 теңге мөлшерінде;

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетел аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдарға – 130 000 теңге мөлшерінде;

Бұрынғы КСРО Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының ҰОС кезінде әскери қызметшілер жағдайына келтірілген және ұрыс соғыстарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде соғысушы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ ҰОС бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында ұсталып қарусыздандырылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 130 000 теңге мөлшерінде;

Ленинград қаласын қоршау кезеңінде кала кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға – 130 000 теңге мөлшерінде;

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 130 000 теңге мөлшерінде;

ҰОС кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған адамның жұбайы немесе соғыс кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы  салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы бойынша теңестірілген адам, сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушының, партизанның, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайына – 130 000 теңге мөлшерінде;

ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға – 130 000 теңге мөлшерінде;

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 80 000 теңге мөлшерінде.


31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

сот немесе «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген өзге де тәртіппен саяси қуғын-сүргін құрбандары немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шекті деп танылған азаматтарға – 13 000 теңге мөлшерінде.


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

18 жасқа толмаған мүгедек балаларға (мүгедек баланың ата-анасының біріне немесе басқа заңды өкіліне) – 15 000 теңге мөлшерінде.


16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға – 200 000 теңге мөлшерінде төленеді.

 

Айта кетейік, бұл ақпарат Өскемен қалалық мәслихатынан берілген және көрсетілген ақшалай төлемдер облыс орталығы тұрғындарына арналған. Шығыс Қазақстанның басқа қалалары мен аудандарында төлем алу шарттары сәл өзгеше болуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив