Қазақстандағы бірінші сынып оқушылары 7 күн демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
2025-2026 оқу жылының кестесіне сәйкес бірінші сынып оқушылары 9-15 ақпан аралығында демалады. Жалпы демалыс уақыты 7 күн. 16 ақпанда балалар сабаққа оралып, мектеп кестесі бойынша оқуды жалғастырады.
Бірінші сынып оқушыларына арналған қосымша демалыс балалардың оқу жүктемесіне бейімделуіне және оқу жылының ортасында шамадан тыс шаршамауына көмектеседі.
Мұғалімдер демалысты тек тынығу үшін емес, күн тәртібін қалпына келтіру үшін де пайдалануды ұсынады.
Пікірлер