Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
7 ақпан сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер тұтынушыларға жаңа әрі сапалы өнімдерді ұсынады.
Қала тұрғындары мен қонақтары ет және сүт, шұжық өнімдерін тиімді бағада сатып ала алады.
Пікірлер