A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 11:25 0

ШҚО тұрғындары үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Азаматтар түрлі сұрақтар мен мәселелер туралы қоңырау шала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Орталық арқылы тұрғындар қоғамдық көліктің кешігуі, ашық құдықтар, инженерлік желілердегі ақаулар, жарық пен судың өшуі, лифтердің істен шығуы, қаңғыбас иттер сынды өзекті мәселелерді хабарлай алады. Апаттық жағдайлар жөнінде барлық хабарлама тиісті коммуналдық қызметтерге жеткізіледі.
Сонымен қатар 109 нөмірі арқылы анықтамалық ақпарат алуға болады. Мәселен, мемлекеттік органдардың, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының байланыс нөмірлері, сабақтардың тоқтатылуы, тасжолдарының ашылуы немесе жабылуы, қолайсыз ауа райы, электр және су беру жұмыстарының себептері мен мерзімі.
Орталыққа күніне шамамен 100 қоңырау келіп түседі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 32 мыңға жуық өтініш келді.
Айта кетейік, 109 нөміріне қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ өтініштер мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қабылданады: WhatsApp – 8 771 810 9109, Instagram – 109.vko.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив