A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:45 0

Өскемен тұрғындары алаяқтарға 76 млн теңге аударған

Бүгін / Өскемен

Жыл басынан бері облыс орталығында интернет алаяқтық бойынша 58 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдын Ботахановтың айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айында дәл осындай 65 жағдай анықталған.
- Былтыр интернет-алаяқтық бойынша 897 адам арыз түсірді. Алайда оның тек 4–7 пайызы ашылды, - деді ол. 
Қазір алаяқтардың арбауына тек зейнеткерлер ғана емес, түрлі жастағы азаматтар түсіп жатыр. Талдау нәтижесіне сүйенсек, зардап шеккендердің 40 пайызы - 40-60 жас аралығындағы адамдар.
- Қаржылық сауаты жоғары, білімді азаматтардың өзі тәжірибелі алаяқтарға алданып қалып жатады. Көбіне тұрғындар түрлі маркетплейстер арқылы тауар немесе қызмет сатып алу кезінде алданады. Қаңтар айының өзінде 37 алдау факті тіркелді. Сондай-ақ алаяқтар өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың шотындағы қаражатты иемденіп, несие рәсімдеуге мәжбүрлейді. Мессенджерлер арқылы белгісіз сілтемелерге өтудің салдарынан телефондар бұғатталып, істен шығады. Бұдан бөлек, алаяқтық әрекеттер криптобиржа, баспананы жалға беру туралы жалған хабарландырулар арқылы да жасалады, - деді Айдын Ботаханов. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив