Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, ертең өңірдің солтүстігінде қар мен жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ал 8 ақпанда ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде сынап бағанасы -15 градусқа дейін, облыстың солтүстігі мен шығысында -18 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -13 градусқа дейін, өңірдің солтүстігі мен шығысында -16 градусқа дейін аяз болады.
Пікірлер