A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 20:40 0

Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

Бүгін / Республика

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ол теңгенің тек ақша айналымының негізі ғана емес, сонымен бірге оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін эмиссиялық орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рөлін Конституцияда нақты көрсету қажеттігін атап өтті.

Оның пікірінше, Ата Заңда цифрлық қаржы құралдары мен виртуалды активтердің дамуын ескере отырып, ұлттық валютаны нақты көрсету маңызды. Сондықтан ол бұл норманы конституциялық деңгейде бекітуді қажет деп есептейді.

— Ұлттық валютамен қатар эмиссиялық органның да айқындалуы экономикалық өзгерістерге төтеп бере алатын тұрақты қаржы жүйесінің негізін қалайды. Осыған байланысты «Конституциялық құрылыс негіздері» деген 1-бөлімде теңгенің мәртебесін төмендегідей редакцияда бекіту ұсынылады: «Қазақстан Республикасының ақша бірлігі, ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне теңге эмиссиясының айрықша құқығы тиесілі, - деді депутат.

Осылайша, Сабильянов комиссия мүшелерін ұлттық валютаның қорғалуы мен қаржы жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив