Аталған сұраққа Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеше Әуезов даңғылы, 49б мекенжайында болған өрт салдары әлі толық айтылмады. Тұрғындар мен кәсіпкерлер қандай келеңсіздіктерге ұшырасып, қандай шығынға батқаны туралы мәлімет таралмады. Анығы сол, қазір өрттен кейінгі қоқыс пен жанған қалдықтарды шығару жұмыстарын «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны жүргізуде.
– Аталған көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары осы жылы жүргізіледі. Бұл бағытта тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жөндеу жұмыстарының кестесі қалыптастырылуда. Өрт салдарынан келген материалдық шығындарды өтеу мәселесіне келсек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген залалды өтеу сот тәртібімен жүзеге асырылады, – делінген ақпаратта.
Пікірлер