Ресми ақпаратқа сүйенсек, күштік құрылым өкілдері заңнан аттап, тәртіп бұзғандарды ұстау бойынша операцияны бір уақытта бірнеше аймақта жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қару-жарақ сату және сақтау, бопсалау, ұрланған көліктерді сату және басқа да қылмыстармен айналысатын бірнеше қылмыстық топтардың ізіне түсті.
– Операциялар бір уақытта Алматы және Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу аймақтарында жүргізілді. Операция барысында 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторларына жіберілді, – делінген ҰҚК ақпаратында.
Оперция кезінде қару, оқ-дәрілер, есірткі, ірі көлемдегі ақша және басқа да заттар тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Пікірлер