452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісіTengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Абай облысының Полиция департаменті өкілі мән-жайды айтты. 3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барған.

- Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте тіршілік белгілерінсіз туған. Сондай-ақ, соталды тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған қала тұрғыны анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.

"Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді өңір полициясы.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив