«Казцинк» компаниясы «Алтай-Өскемен» футбол клубының ойыншыларын қолдап, 500 бренд күртешені сыйға тартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Алтай-Өскемен» орталығы облыс футболшыларының негізгі жаттығу алаңдарының бірі. Мұнда шамамен 600 бала бар. Өткен жылы Алтай қаласында орталықтың тағы бір филиалы ашылды. Клуб командалары жас санаттары бойынша әртүрлі жарыстарда жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болуда.
Ал жаңа әрі ыңғайлы күртешелер олардың спорттық жабдықтарын толықтырады.
- Біз жас спортшыларымызға көмектесе алғанымызға қуаныштымыз. Футболшылар күнделікті жаттығып, өзара бәсекелесіп, қазірдің өзінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жаңа күртешелер олардың спорттық киімін толықтыра түседі деп ойлаймыз, - деді «Казцинк» ЖШС-ның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.
Пікірлер