A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 17:00 0

Демалыста күн райы қандай болады?

Бүгін / Республика

Барикалық құрылымдардың жылдам ауысуына байланысты алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып қала береді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, боран соғып, желдің күшейіп, көктайғақ болады.

Шығыста, Қазақстанның батысында қалың қар жауады. Республиканың оңтүстігінде бүкіл кезең бойы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.

Температуралық фонда жылыну күтіледі:

батыста түнде 13-23 аяздан 0-10 аязға дейін, күндіз 3-12 аяздан 10 аяз – 2 жылуға дейін;

солтүстік-батыста түнде 17-28 аяздан 3-13 аязға дейін, күндіз 10-20 аяздан 0-8 аязға дейін;

солтүстікте түнде 18-28 аяздан 5-15 аязға дейін, күндіз 13-21 аяздан 10 аяз – 1 жылыға дейін;

оңтүстікте түнде 3-18 аяздан 5 аяз – 8 жылуға дейін, күндіз 13 аяз – 5 жылудан 5-15 жылыға дейін.

Шығыста түнде 0-12 аяздан 10-20 аязға дейін, күндіз 0-10 аяздан 7-15 аязға дейін ауытқу күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 0-13 аяздан 2-16 аязға дейін төмендеп, күндіз 0-13 аяздан 5 аяз – 8 жылыға дейін жоғарылайды.

Айта кетелік ауа райына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасаған еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив