A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 15:30 0

Өскемен тұрғыны зейнеткерді алаяқтардан құтқарды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің өкілдері мәлім етте, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оқиға Өскеменлегі сауда орталықтарының бірінде болған. 
- «ҮМЗ» АҚ ТБК қызметкері Анар Добровольская жұмыстан қайтар жолында дүкенге кіріп, төлем терминалының жанында тұрған қарт әйелге назар аударады. Зейнеткердің көзіне жас алып, қатты қобалжып тұрғаны байқалды. Ал еденде ақша шашылып жатқан. Ол қолында қомақты соманы ұстап тұрып, телефонмен сөйлесіп жатқан. Анар қарт кісіден бәрі дұрыс па деп сұрайды. Белгілі болғандай, зейнеткер «немересіне» ірі мөлшерде ақша аударып жатқан . Ол телефонның арғы жағындағы адамның нұсқауларын мұқият тыңдап, сыртқы араласуға ешқандай жауап бермеген. Әжейдің әрекеті мен телефондағы әңгімесі күмән тудырды, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында. 
Анар тұтқаны алып, бірнеше сұрақ қояды. Ер адам өзін Кирилл есімді немересімін деп таныстырғанымен, зейнеткер немересінің есімі Александр екенін айтқан. 
- Байланыс үзіліп қалғандай кейіп танытқан Анар қарияны терминалдан алыстатып, полиция шақырған. Алаяқтардың зейнеткерге психологиялық тұрғыдан әсер еткені соншалық, полиция қызметкерлерін көргенде үрейленді. Кейін зейнеткер полиция қызметкерлеріне қоңырау шалған адам өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, шоттағы қаражатты ұрлау әрекеті жасалғанын хабарлағанын айтып берген. Ол әжейді ақшаны тез арада шешіп алып, «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген, - деп жазылған мәліметте. 
ШҚО Полиция департаменті Анар Добровольскаяға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. 
Полиция алаяқтардың өздерін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, психологиялық қысым көрсету тәсілдерін әлі де қолданып жүргенін еске салады.
Тәртіп сақшылары азаматтарды сабыр сақтауға, кез келген ақпаратты қайта тексеруге және күмән туындаған жағдайда дереу 102 арнасына хабарласуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив