Ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен – Семей тасжолында ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны 150 жеңіл және 20-ға жуық жүк көлігін қауіпсіз жерге дейін алып жүрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Патрульдік экипаждардың бақылауымен көліктер Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін жеткізілді.
Қозғалыс барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолдың жағдайы мен ауа райының өзгерістері туралы ескертіп отырды. Сондай-ақ жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтың сақталуын қадағалады.
ШҚО департаменті жүргізушілерді қала сыртындағы жолдарда аса мұқият болуға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауға шақырады.
Пікірлер