10–11 ақпанда Б. Александров атындағы Спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан «Ақпан жұлдызы» атты VII Республикалық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл жетінші рет өткізіліп отырған турнирге Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Сәтбаев, Теміртау және Өскеменнен 285 спортшы қатысады.
Спортшылар 15 санат бойынша бақ сынап, 30 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Спорт шеберлері бағдарламасында өскемендік София Мухаметкаирова мен Екатерина Доставалова, Алматыдан келген жерлесіміз Ульяна Пригода өнер көрсетеді. Жергілікті тәрбиеленушілерден бірінші спорттық разряд бойынша ел чемпионы Мария Сосновская, Семён Резник және Джахонгир Абылқасымов қатысады.
Төрешілердің құрамына Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларынан Ресей чемпионаттарында жұмыс істеу тәжірибесі бар бейтарап мамандар шақырылды.
Турнирдің қорытындысы 11 ақпан сағат 19:15-те өтеді.
Жарыс кестесі:
10 ақпан:
08:00 – 09:15 — Алғашқы қадамдар
09:15 – 11:40 — Жас мәнерлеп сырғанаушы
12:00 – 14:20 — III жасөспірімдер разряды
14:30 – 18:05 — II жасөспірімдер разряды
18:15 – 19:25 — I спорттық разряд
19:35 – 21:00 — СШҮ мен СШ
11 ақпан:
07:45 – 10:45 — Жас мәнерлеп сырғанаушы, III жасөспірімдер (Б тобы), II жасөспірімдер (Б тобы)
11:00 – 13:30 — I жасөспірімдер разряды, II спорттық разряд, «Ересектер»
13:50 – 16:30 — II спорттық разряд және I спорттық разряд
16:40 – 18:30 — СШҮ мен СШ
19:15 – 21:00 — Гала-концерт
Пікірлер