Өңірде бірқатар орман шаруашылығы жалға беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО Табиғи ресурстар басқармасы мамандарының мәліметінше, кепілдік жарна 129 миллион теңгені құрайды.
Алғашқы кезеңде инвесторлардың назарына Жоғарғы Уба орман шаруашылығы ұсынылады. Мамандардың айтуынша, орман пайдаланушыларға қойылатын нақты талаптар бар.
Атап айтқанда, техникалық жабдықтары толық болуы және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Орман шаруашылығындағы барлық жұмыстар орманшылар тарапынан тұрақты бақылауда болады.
Айта кетейік, еліміздегі орман қорының 40 пайызы Шығыс Қазақстан өңіріне тиесілі.
– Әрбір орманшы күнделікті бақылау жасаған кезде видео-фото фиксацияны пайдаланады. Қандай да бір заңбұзушылықтар болған кезде әкімшілік хаттама жасалады. Егер де бір жалға алушыда бір жыл ішінде екі мәрте бұзушылық болса, шарттарын бұзатын боламыз, – деп мәлімдеді ШҚО Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Арман Есентаев.
Пікірлер