A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:50 0

Өскеменде ІІ Республикалық білім көрмесі өтті

Бүгін / Өскемен

ШҚО әкімдігі және білім басқармасының қолдауымен «Vipusknik.kz – 2026» республикалық білім көрмесі екінші мәрте ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараның мақсаты – 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу. ШҚО Ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабековтың сөзінше, мұндай көрмелер оқушылардың болашақта дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. 
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, отаншыл азамат болып қалыптасуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Соның нақты көрінісі – осындай білім беру алаңдары. Бұл іс-шара кәсіби бағдар беру мен білім беру саласындағы өңірлік маңызы бар жобалардың бірі, – деді Еркебұлан Балтабеков. 
Көрме аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Байқоңыр, Семей және Өскемен қалаларынан келген жоғары оқу орындары, колледждер мен білім беру орталықтарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырды.
«Vipusknik.kz – 2026» порталының басшысы Светлана Бейсенбаеваның айтуынша, бұл жоба бірнеше жылдан бері табысты жүзеге асып келе жатыр. 
- Портал жеті жылдан бері жұмыс істейді. Көрменің басты мақсаты – болашақ студенттер мен білім беру ұйымдары арасында тиімді байланыс орнатып, мектеп түлектеріне мамандық таңдауға қажетті толық әрі нақты ақпарат беру, – деді ол.
Қатысушылар білім беру бағдарламаларымен, оқуға түсі шарттарымен, оқу процесінің ерекшеліктерімен және түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерімен танысты. Мәселен, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінде заманауи компьютерлік және мультимедиялық кабинеттер бар. 
- Студенттердің сапалы білім алуы үшін интерактивті құрал-жабдықтар, баспа орталығы, оқу зертханалары мен шеберханалар жасақталған, жоғары жылдамдықты интернет те бар. Ал белсенді студенттерге Қаныш Нұрғалиев атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалады, – деді колледж өкілі Әйгерім Жасанова. 
Ал Алматы технологиялық университетінің зертхана меңгерушісі Ұлжан Анарбекованің сөзінше, болашақ студент кез келген білім беру бағдарламасын таңдай алады. 
– Университетте бакалавриат бойынша 34 білім беру бағдарламасы бар. Бұдан өлек, қос диплом алу мүмкіндігі де қарастырылған, – деді ол.
Айта кетейік, аудандардағы мектеп оқушылары республикалық көрмеге ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты. Осылайша, ауқымды іс-шара мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды ақпарат алаңына айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив