
Қалада «Бахытжол» ЖШС мен қала әкімдігі арасындағы жанжал әрі қарай жалғасты. Қала әкімдігі былтыр қараша айында бұл тасымалдаушымен қалалық бес автобус бағыты бойынша тұрақты тасымалдауға жасалған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзған болатын. ШҚО-ның мамандырылған ауданаралық экономикалық соты шенеуніктердің әрекетін заңды деп танып, «Бахытжол» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сотта анықталғандай, тасымалдаушы 2022 жылдың сәуірінде Өскемен қалалық ТҮКШ-пен жасалған келісімшарт талаптарын үнемі бұзған. Сол бұзушылықтардың бірі қала ішінде автобустар рейсі кеміді. Келісімшарт талаптарына сәйкес, қозғалыс тұрақтылығы алғашқы жылы айына кемінде 80%, ал келесі жылдары кемінде екі ай бойына айына 85%-дан төмен болмауы тиіс еді.
Өскемен қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығы ұсынған анықтамаға сәйкес, сот шешімінде көрсетілгендей, талапкердің рейстерді орындау тұрақтылығы тек 2025 жылы мынадай деңгейде болған: қаңтарда – 82,6%, ақпанда – 83,4%, наурызда – 82,9%, сәуірде – 75,7%, мамырда – 64,4%, маусымда – 69,6%, шілдеде – 66%, тамызда – 69,5%, қыркүйекте – 69,9%, қазанда – 70,3%, қарашада – 73,7%. Былтыр қазан айының соңында бақылаушылар жүргізген тексерістер де рейстер арасындағы үлкен үзіліс көп екенін анықтаған.
Айта кетейік, бұл жағдай бірнеше жылдан бері "Бахытжол" ЖШС маршуттары өтетін Аблакетка шағын ауданы тұрғындары мен бөлім арасындағы тұрақты әкімшілік сот ісіне әкеліп соқты.
2025 жылдың 5 қарашада келісімшарттың бұзылуына байланысты оны 2025 жылғы 15 қарашадан бастап біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарлама жолдаған.
Алайда «Бахытжол» ЖШС шығындардың үнемі өсуіне қарамастан, бюджеттен бөлінетін өтемақының жеткіліксіздігін алға тартты. Кәсіпорын бұрын да шығындарын субсидиялау туралы 2025 жылдың қаңтарындағы келісім бойынша тарифтік есептеулерді қайта қарауды талап еткен. Өткен жылы мамыр айының соңында «Бахытжол» ЖШС басшылығы белгіленген әдістеме бойынша тасымалдаушыларға арналған жаңа тарифтік есепті бөлімге жолдаған, алайда лауазымды тұлғалардан жауап болмаған.
Дегенмен сот әкімдікте тарифтерді қайта қарау бойынша барлық шара қабылданды деп есептеді. Маусым айының басында жауапкер есептеулерді «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысына жолдаған. Онда қосымша деректер қажет деп шешілді. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізіміне өзгерістер енгізу қажет болды. Қаланың маршуттық желісі бекітіліп, жылдық жүріп өткен жолы мен жұмыс уақытының ұзақтығы туралы ақпарат дайындалды. Комиссия 2025 жылдың 26 желтоқсанында жиналыс өткізіп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы тасымалдаушылар үшін жаңа тарифтерді қабылдады. Дегенмен «Бақытжол» ЖШС-мен жасалған келісімшарт 2025 жылдың 16 қарашасында біржақты тәртіппен бұзылды. Осы жағдайда сот талапкердің талаптарын да қабылдамау керек деген қорытындыға келді. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Өткен жылдың қараша айында «Бақытжол» қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы президентке өз компанияларына рейд жасалғаны туралы шағымданды. Алайда Аблакетка шағынауданы әкімдігі мен тұрғындары келісімшарттың бұзылуы тасымалдаушының дұрыс жұмыс істемеуіне және келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты деді.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер