A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 09:20 0

Өскеменде полиция жоғалған баланы тапты

Бүгін / Өскемен

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен кинологтың кәсібилігінің арқасында 11 жастағы бала тез арада табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның жоғалып кеткені туралы анасы 102 нөмірі бойынша хабарлаған. Айтуынша, бірінші ауысымда оқитын ұлы мектептен кейін үйіне оралмаған.  Іздеуді кіші инспектор-кинолог Саят Айтқалиев пен оның қызметтік иті Сармат бастады. Бір сағат ішінде оқушы ойын алаңынан табылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.  Полиция қызметкерлері баланы ата-анасына жеткізіп, профилактикалық әңгіме жүргізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив