A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:45 0

ШҚО-да мұғалімге «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды

Бүгін / ШҚО

Алтай ауданының тұрғыны Рулан Сейітов өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

18 қаңтарда Соловьево ауылында үйден өрт шықты. Оны байқаған Рулан Сейітов терезе арқылы үйден екі баланы шығарып, өз үйіне апарған. Осы кезде көршілер келіп, балалардың әжесін сыртқа алып шықты.
- Рулан Сейітов орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ерлігі үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Фархат Әмре Руланға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады, - делінген ресми ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив