Оқиға 9 ақпанда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол апатының мән-жайын ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті.
- Geely маркалы көлігіні Мызы көшесінен Қабанбай Батыр көшесіне қарай жүріп келе жатқан. Ол Қазақстан көшесімен қиылыста солға бұрылып бара жатқанда, Мызы көшеісіне қарай қарама-қарсы бағытта келе жатқан Kia маркалы көлігіне жол бермеді. Салдарынан Kia маркалы көлігі тротуарға шығып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, - делінген ақпаратта.
Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
Полиция тергеу жүргізуде, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Пікірлер