A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:45 0

Премьер-министр Өскемендегі жылу электр орталығының құрылысы туралы айтты

Бүгін / Өскемен

Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Өскемендегі жылу электр орталығының құрылысы жайында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Өздеріңіз білетіндей, елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталуда. Оны ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жауып отырмыз. Былтыр тапшылық 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен. Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келіп жатыр. Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп күтіліп отыр.

- Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды. Көкшетауда Жылу электр станциясының құрылысы басталды, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның жобалары бойынша мердігер ұйымдар мен қаржыландыру көздері анықталды. Үш ЖЭО құрылысын жоспарланған мерзімде аяқтаймыз, - деді Үкімет басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив