Ресми мәліметпен Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Олар таратқан ақпаратта Сәтпаев пен Есенберлин даңғылдары, Жібек жолы мен Базовая көшелері қиылысындағы жол айырығындағы құрылысқа байланысты автобус аялдамасы мен жол белгісі алынып тасталғаны жазылды.
– Қоғамдық көлік уақытша ол жерге тоқтамайды, – делінген ақпаратта.
Ал «Мешіт» аялдамасы сол қалпында қалды.
Пікірлер