«Таза Өскемен» компаниясы өкілдері жолдарға инертті материал себу қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір бұл мақсатта мұзға құм себу пайдаланылуда. Мұндай жұмыстар Потанин, Целинная көшелерінде және өзге де учаскелерде қолға алынған.
Алайда бір күн бұрын 19-шы шағынаудан тұрғындары көліктерімен кешкі уақытта Әл-Фараби даңғылы бойындағы еңіс жолмен жоғары көтере алмаған. Жол қатты тайғақ болған көрінеді. Сондай-ақ куәгерлер әлеуметтік желілерде бұл аумақта құм себу жұмыстары жүргізілмегендігін жазды. Соның салдарынан бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болып, көпшілік сағаттап бір орында тұрды.
Әлеуметтік желілердегі жазбаларға пікір білдірген басқа да қала тұрғындары көшелер мен тротуарлардың тайғақ екеніне әлі де шағымдарын білдіруде.
Пікірлер