A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 16:25 0

Өскеменде Конституцияның жаңа жобасын талқылау жөніндегі қалалық актив отырысы өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін қала әкімдігінде шаһар басшысы Алмат Ақышовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған қалалық актив отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға бөлім басшылары, мекеме және ұйым өкілдері, заң саласының мамандары қатысты. Қала әкімінің сөзінше, мемлекеттің дамуына қатысты өзекті мәселелерге үн қосу маңызды. 
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінгі кезең еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Қабылданатын шешімдер Қазақстанның ұзақ мерзімді бағытын айтқындайды. Конституциялық реформа Президенттің бір палаталы Парламент құру бастамасы аясында қолға алынды. Жалпы алғанда, Заң болашақ үшін, жастар үшін жазылып жатыр. Сондықтан жаңа өзгерістерді қабылдап, ел дамуы үшін үлес қосу маңызды деп ойлаймын. Әділетті, қауіпсіз және заң үстемдігі орнаған Қазақстанды құру –барлығымыздың ортақ міндетіміз, – деді Алмат Талғатұлы. 
Актив отырысына қатысушылар заңдағы жаңа өзгерістерді талқылап, өзара пікір алмасты. С.Аманжолов атындағы ШҚУ Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Байыркенованың айтуынша, Ата Заңдағы өзгерістер қоғамдағы өзекті мәселелермен тығыз байланысты. 
– Конституциялық реформа – елдің құқықтық және саяси санасын жаңғыртудағы маңызды қадам. Бұл – тарихи сәт. Мұның барлығы кез келген азаматқа зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Конституцияның жаңа жобасын оқып, түсініп, өз пікірін білдіру – әр адамның міндеті, – деді ол.
Айта кетейік, Конституция құжаты елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғам дамуының заманауи талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив