Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, облыс тұрғыны полицияның көмегіне жүгінген. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы ешқандай құжатсызсыз жүрген. Қарияның меншікті баспанасы да, жақын туыстары да жоқ.
Полиция майоры Миргүл Уәлиева мен бас маман Әсел Аленова оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, жеке куәлікті қалпына келтіру процесінің соңына дейін қолдау көрсетті. Нәтижесінде ер адам Қазақстан Республикасы азаматының мәртебесін растай алды.
Пікірлер