Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, бүгінде облыстағы 16 елді мекенде су басу қаупі толық жойылды, 50 учаскеде тәуекел төмендетілді, тағы 5 елді мекенде қауіп сақталуда.
- Су тасқынына қарсы күрес үшін 3146 адам, 556 техника, 75 жүзу құралы және 234 мотопомпа тартылды. Күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 1 тікұшағы дайын. Тұрғындарды уақытша орналастыру үшін 21 мыңнан астам адамға есептелген 182 қабылдау пункті дайындалды, - деді Арман Наурызбаев.
Бұдан бөлек, халықты ақпараттандыру 48 сиреналық-сөйлеу құрылғысы, SMS-хабарлама тарату, телерадио хабарларын үзу және «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Төтенше жағдай туындағанда «Mass Alert» халықты хабарландыру жүйесі іске қосылады.
Пікірлер