452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскемендегі вокзалды қайта құру жұмыстары қашан аяқталады?

Өскемендегі вокзалды қайта құру жұмыстары қашан аяқталады? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өскемен-1 (Защита) вокзалында құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ғимарат 1938 жылы салынған. Жаңғырту жұмыстары аясында шұңқыр мен іргетастағы қазба жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ су, жылу, электр және кәріз жүйелерінің сыртқы коммуникациялық желілері аяқталуға таяды. Қазір ғимараттың қаңқасын салу жұмыстары жалғасуда.

– Бұл жобалардың жоспарланған аяқталу мерзімі – осы жылдың үшінші тоқсаны, – деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.

Еске сала кетейік, облыста қайта құру үшін бес вокзал анықталды. Олар: Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Алтай және Серебрянскіде.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив