A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:50 0

Өскеменде үш адам қызылша жұқтырған

Бүгін / Өскемен

Облыс аумағында қаңтар айының басынан 6 ақпанға дейін қызылшаның зертханалық түрде расталған 5 жағдайы тіркелді. Бұл туралы ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қызылша дерті Өскеменде (3 жағдай), сондай-ақ Глубокое мен Тарбағатай аудандарында (әрқайсысында 1 жағдай) анықталған.
Бес науқастың үшеуі түрлі себепке байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Тіркелген бес жағдайдың төртеуі сырттан әкелінген деп танылды (Астана, Алматы және Абай облысынан).
Жас санаттары бойынша жағдай төмендегідей:
• 1 жасқа дейінгі балалар — 1 жағдай,
• 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар — 2 жағдай,
• 10–14 жас аралығындағы жасөспірімдер — 1 жағдай,
• 20–29 жас аралығындағы ересектер — 1 жағдай.
Айта кету керек, 2025 жылдың осы кезеңінде қызылша ауруы тіркелмеген.
ШҚО ДСЭК өкілдері қызылшаның өте жұқпалы жедел вирустық инфекциялық ауру екенін еске салды. Ауру жоғары дене қызуымен, ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабығының қабынуымен, конъюнктивит, теріде пайда болатын дақты бөртпемен және жалпы улану белгілерімен сипатталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив