Жарияланған бейнежазбада барыс үш аланын ертіп, алаңсыз жортып жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аландар өзінің анасымен шамамен екі жыл бойы бірге болады. Осы уақытта олар аң аулау дағдыларын меңгеріп, табиғаттағы қауіптерден аулақ болуды үйренеді.
Сарапшылар аландардың тууы ұлттық саябақтағы тіршіліктің жақсарғанын білдіретінін айтты.
– Бұл сирек кездесетін және жойылып бара жатқан аң түрлерін қорғау шаралары тиімділігінің, аймақтың экожүйесінің сақталуының маңызды көрсеткіші, – делінген ақпаратта.
Айта кету керек, қар барысы Қызыл кітапқа енгізілгендіктен ерекше қорғауға ие.
Пікірлер